Өрлеу қадамдары

29 наурыз 2017, 13:46

Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек.

(Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан)

Бүгінде білім берудегі жаңа бағыт қандай? Қоғам үшін де, қоғам алдындағы кәсіби жауапкершілігін де абыроймен атқарып жүрген ұстаздардың беделін көтеруде, кәсіби педагогикалық құрамды жасақтап шығаруда ғасырға жуық тарихы бар «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының «Мұғалімнің мәртебесін көтеру қажет» деген Елбасының тапсырмасын орындауда бірқатар бастама көтеріп жүргені белгілі.

Орта білім мазмұнын жаңартуда он сан ұсыныс бар. Соның жоғары маңызға ие болған саласы көптілде білім беру болса керек. Оның басты ерекшелігі – 12 жылдық мектеп түлегінің келешекте үш тілді меңгерген, ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын тұлға ретінде қалыптастыру болса, осы орайда институтта биология, физика, информатика, химия пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастау үшін 640 сағаттан тұратын бағдарлама әзірленіп, облыс мұғалімдерін біліктілікті арттыру курстарынан өткізуге дайын екен.

Мейрамгүл Асылбекова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары:

* «Өрлеу» акционерлік қоғамы арнайы дайындаған бұл бағдарлама Үштілдік білім беруді жүзеге асыру бағдарламасы аясында дайындалған. Мақсатымыз биология, физика, информатика, химия пәндерін ағылшын тілінде оқытуға бағытталуы себепті, бұл өте күрделі құбылыс. Оның басты себебі мұғалімдердің ағылшын тілін білмейтіндігінде. Сол себепті бағдарлама екі мақсатты көздеді. Біріншісі, пән мұғалімдерін ағылшын тіліне үйретуді көздесе, екіншісі, пәнді ағылшын тілінде оқыту әдістемесіне үйрету.

Бағдарламада оқушының пәнді ағылшын тілінде жетік түсінуі үшін барлық жағдай қарастырылған. Бұл жерде пәнді оқытып қана қоймай, баланың тілді жетік меңгеруіне де жағдай жасалады. Тіл мен пәнді ықпалдастыра оқыту 1960 жылдары Канадада негізі қаланып, әлемдік білім беру тәжірибесінде өзін дәлелдегендігін ескерсек, бұл аяғынан жаңа ғана тұрып, тәжірибеге енді ғана еніп жатыр дейтін дүние емес, нақты нәтиже мен жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік беретін оқыту әдістемесі. Ал мектеп мұғалімдеріне арнайы әдістеме мен тілді оқытатын тренерлер Алматы қаласынан «Халықаралық тіл орталығында» Кембридж университетінен арнайы шақырылған ағылшын тілді оқытушылардан арнайы дайындықтан өтіп келген. Бұл жерде де екі мақсат көзделген. Институт тренерлері ағылшын тілік жетік меңгерумен қатар, оқыту әдістемесін де меңгерген.

Әрине, ең бірінші тілді меңгеру керек. Егер курс басталғанда ағылшын тілінің А2 деңгейін меңгерген болсаңыз, курсты аяқтаған кезде тілді В2 деңгейінде меңгеріп шығатын боласыз.

Институт робототехниканы дамыту бағыты бойынша да қалыс қалмаған. Мейрамгүл Асылбекованың айтуынша осы өзекті, жаңа бағыт бойынша институт оқытушылары өздерінің авторлық бағдарламасын әзірлеп, информатика пәні мұғалімдерін курстан өткізеді. Қарағанды облысын дамыту бағдарламасына сәйкес облысымыздағы робототехника бойынша зертханалар саны өсуіне байланысты 72 сағатқа негізделген курста мұғалімдер робототехника негіздеріне оқитын болады.

Сөз жоқ. Білім берудегі жаңа бағыттың білім беру саласында жаңа бір сілкініс әкелетіні хақ. Өйткені пән мұғалімдерінің бәрі бірдей үш тілді білім беруді қолдап қана қоймай, соны ең алдымен өзедері игеруге құлықты.

Төрехан МАЙБАС,

Қарағанды облысы

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?