jasqazaq.kz

“Ринго” тобының әншісі қазақ тілінде сөйлеуге шақырды (видео)

08 қараша 2017, 15:17


“Ринго” тобының әншісі Әділжан Омаров Қазақстанда тұрып жатқан әр азаматты қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Өзінің ұйғыр ұлтынан екенін мойындаған ол мемлекеттік тілде сөйлеу азаматтық борышы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Иә, мен ұйғырмын, бірақ мен Қазақстанның азаматымын. Мен осы жерде тудым, осы жерде өстім, білім алдым, жұмыс істеп жатырмын. Бұл – менің үйім. Сол үшін мен қазақша сөйлеуім керек, білуім керек. Сендер де қазақша сөйлеңдер. Мейлі, акцентпен болсын, нашар болсын. Ең бастысы, ақырындап сөйлей беріңдерші. Сосын мен сияқты үйренесіңдер”, – деп бөлісті Әділжан.

Ал сіздер қазақша сөйлей аласыздарма?😊👆🏻⬆️⬆️⬆️

Публикация от AdilJan (@adylzhanumarov)

Әншінің бастамасын қолдай кеткендердің қатарында отандық продюсер Тимур Балымбетов те бар. Әділжанның бастамасынан шабыттанып кеткен ол желіде “Сөйле, айналайын” атты эстафета бастады. Балымбетов шоу-бизнестегі Баян Есентаева, Алуа Қонарова, Эрик Тәстембеков, Бағым Мұхитденова сынды әріптестерін өзін қолдауға шақырды.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы