Риддердің жылу жүйесіне 8 миллиард теңге бөлінді

27 шiлде 2023, 11:35

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тіршілікке қажетті жүйелерін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкімет резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар қаражат отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады.

2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңынан жарылыс болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын бұзып, салдарынан облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланды.
14 шілдеде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер жылу электр орталығындағы (ЖЭО) жұмыстарды тексеріп,
ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінен 8,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу мәселесі шешілгенін жеткізген болатын.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды