jasqazaq.kz

Режиссер 1 млн теңге төлейді

25 қазан 2016, 16:21

20160815192102

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айыптау айтып, видео түсірген режиссер Талғат Жәнібековті сот кінәлі деп тауып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

2016 жылғы 11-12 шілде аралығында режиссер Т.Жәнібеков ғаламтор желісінде мәдениет және спорт министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бейнеролик жариялаған. Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде Т.Жәнібековті ҚР ҚК-ң 130-бабының 3-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінген.

«Сот Т.Жәнібековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараттың ақиқат болып табылмайтынын, А.Мұхамедиұлы абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады. 2016 жылғы 25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Т.Жәнібековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету