jasqazaq.kz

Ресейлік жігіт өтірік ақпарат жасап, оны таратқандарын мойындады

24 ақпан 2018, 1:54

Ресейлік жігіт өтірік ақпарат жасап, оны қалай таратқандарын ашып айтты. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.

Бұл туралы „Интернет-зерттеу агенттігінің„ бұрынғы қызметкері Timeжурналына берген сұқбатында айтты.

„Оқуды жаңа бітіргем. 2015 жылы күзде жұмыс іздеп Сібірден Санкт-Петербургке келдім. Интернеттен „контент-менеджер„ керек деген жарнама қайта-қайта көзіме түсе берді. Айлығы әжептәуір. Айына 45 мың рубль дейді. Қызығып кеттім, хабарластым. Бірден жұмысқа кірістім. Сөйтіп атышулы Савушкина көшесіндегі 55 үйге келдім. „Тролдар фабрикасы„ деп жүр ғой қазір. Иә, мен сонда жұмыс істедім. Таңертең ерте келіп, кешке кеш қайтасыз.

Әлеуметтік желілерден жалған аккаунт ашамыз. Оның шегі жоқ. Бәрін кезек-кезек пайдаланып, басшылықтың бұйрығымен комментарий жазамыз.

Путинді жамандауға болмайды. Болды, басқасының барлығына ерік берілді. Өздері тақырып береді, одан соң „жер қыл„ дейді немесе „мақтауын асыр„ дейді. Ақша төлесе болды бізге. Бәрін шетінен жамандай береміз. Өтірік болсын, ұйқассын, ұйқаспасын!

Мысалы, 2015 жылдың соңында желіде Барак Обаманы әбден „сүйредік„. Оны үнемі Владимир Путинмен салыстырып, жолы болмайтын бейбақ, топас секілді көрсетуге тырыстық. Ангела Меркельдің өзі фашизм сөзінен қатты қорқады, бірақ соның өзін фашист қып „жібердік„. Ал Петр Порошенконы шошқаға теліп, мазақ қылдық.

Көпке бармадым, жұмыстан кететінімді айтып, бастықтың кабинетіне бас сұқтым. Анна деген бастығымның көңілі түсіп қалды.

„Қайтесің енді, өмір осындай. Мұндағы біздер — Кремльді жақтаймыз, ал басқалар Америка үшін күреседі„ — деді. Ол үшін бәрі ақ пен қара секілді. Не Кремль жақ болуың керек, не Америка жақ болуың керек. Ал соның ортасында да нәрсе барын ол ұқпайтын„

— дейді Беспалов Time-ға берген сұқбатында.

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр