jasqazaq.kz

Ресейдің экономикалық даму министрі 2 млн доллар парамен ұсталды

15 қараша 2016, 17:30

snimok

Ресейде экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев ұсталып, үстінен «аса ірі көлемде пара алды» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Ресей Федералдық тергеу комитетінің хабарлауынша, Улюкаев Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) «кешенді тергеу шараларының нәтижесінде» ұсталған.

baq.kz хабарлағандай, Улюкаев «экономикалық даму министрлігінің «Роснефть» компаниясына «Башнефть» компаниясының 50 пайыз акциясын иеленуіне оң баға бергені үшін екі миллион доллар пара алғаны» айтылады. Ресми мәлімет бойынша, таяуда Алексей Улюкаевқа ресми айып тағылып, бұлтартпау шарасын тағайындау туралы өтініш берілуі мүмкін.

12 қазанда Ресейдегі ең ірі «Роснефть» компаниясы «Башнефть» компаниясы акциясының бақылау пакетін 330 миллиард рубльге сатып алған. Акцияны сатып алу туралы сауда болмаған.

2014 жылға дейін «Башнефть» компаниясы акциясының бақылау пакеті «Система» компаниясына тиесілі болған. Бірақ кейін «Системаның» директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Евтушенкоға қарсы іс қозғалған. Тергеу мәліметінше, Евтушенко «Башнефть» акциясын заңсыз сатуды жоспарын ұйымдастырған. Сот шешімі бойынша компания мемлекет меншігіне өткен.

Алексей Улюкаев 1990 жылдардың басында «Егор Гайдардың командасына» кірген, әуелі үкіметте кеңесші болып, кейін лауазымды қызметтер атқарған. 2000 жылдары қаржы министрі Алексей Кудриннің орынбасары болды, Орталық банкте қызмет істеді.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету