jasqazaq.kz

Ресейден Оралға құрт түскен картоп әкелінген

09 қараша 2017, 11:23

8 қараша күні ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті БҚО өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресейдің Нижегород облысынан Оралға автокөлікпен әкелінген салмағы 20 тонна картопты тексеріп қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР АШМ баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тексеру нәтижесінде картоптың алтын түстес жұмыр құртпен зақымданғаны анықталды. Бұл дерек 2017 жылғы 6 қарашадағы №220 карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысымен расталды. Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасына сәйкес зақымдалған картоп РФ аумағына кері қайтарылды. Айта кетейік, картоптың алтын түстес жұмыр құрты өсімдіктерді жарамсыз күйге түсіріп, өнім шығынының 20-80 пайызға дейін жетуіне әкеледі. Оған қоса топырақта 10 жылға дейін сақталып, жарамды картоп алқабының қысқаруына соқтыруы ықтимал.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы