jasqazaq.kz

Ресейден келген мұғалімдер Қазақстан мектебінде неліктен жұмыс істей алмайтынын Аймағамбетов айтты

06 қазан 2022, 12:39

Amanat партиясының 24-съезі алаңында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстан мектептерінде неліктен жұмыс таба алмай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Аймағамбетов біздің мектептерде жұмысқа орналасу үшін бір жыл бұрын енгізілген белгілі талаптардың бар екенін айтты.

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов:

Диплом жеткіліксіз. Еліміздің кез келген азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның мектепке жұмысқа орналасуы үшін ұлттық біліктілік сынағынан өткендігі туралы сертификаты болуы керек. Адам біздің әдістемемізді, бағдарламамызды білуі және өз пәнін жақсы білуі керек. Диплом жеткіліксіз, сертификат керек.

Сонымен қатар министр Қазақстанда оқу жылы басталып та кеткенін айтты.

Асхат Аймағамбетов:

Тарификация қазірдің өзінде жүргізілді, бос орындар толтырылды. Сондықтан мұндай сұрақ мүлдем болып тұрған жоқ.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті