jasqazaq.kz

Ресейдегі қазақ губернаторы балалардың өлімінен соң жалынып кешірім сұрады (видео)

02 сәуiр 2018, 14:28

Кемерево облысының губернаторы Аман Төлеев кеше Ресей президенті Владимир Путинге қызметінен кету туралы өтініш жазған еді. Путин оның өз еркімен кету туралы шешімін қанағаттандырып, губернатор қызметінен босатылғаны хабарланды. Ресейдегі қазақ губернаторы алапат өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрап, елге үндеу жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол бүкіл өңір «Зимняя вишня» сауда орталығында болған жайтқа қайғырып отырғанын алға тартып, олардың қайғысына бүкіл әлем ортақтасқанын тілге тиек етті.

«Құрметті Кузбасс тұрғындары. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Марқұм болғандардың отбасымен танысып, көмек көрсету жөніндегі барлық мәселені шешуге тырыстым. Тағы да қайғырып көңіл айтамын. Бірақ көз жұмғандарды мәңгі есте сақтау үшін ары қарай өмір сүру керек», — деді ол.
«Құрметті жерлестер! Сіздермен бірге көптеген қиындықтарды бастан кешірдік. Кузбасстағы ереуілден бастап, қазіргі күнге дейін жеттік. Мен осы күнге дейін Ресейдің, облыстың, елдің мүддесіне жұмыс істегенімді айтқым келеді.
Жанымда болғандарыңыз үшін рақмет! Иіліп кешірім сұраймын. Президентке қызметімнен кету туралы арыз жаздым. Ең дұрыс шешім — осы. Мұндай ауыр жүкпен жұмыс істеу мүмкін емес. Алла сіздердің және біздің жерімізді сақтасын!», — деді ол.

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы