jasqazaq.kz

Ресей өзбек мигранттарынан емтиxан қабылдайды

26 қараша 2017, 19:36

Ресей мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, еңбек мигранттары алдымен өз елінде арнайы дайындықтан өтеді. Арнайы емтиxанды да тапсыруға тура келеді.

РФ Мемлекеттік думасы ондай келісімді алғаш рет ратификациялап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Uz.uz сайтына сілтеме жасап.

Аталған құжатқа сәйкес, Өзбекстан азаматтарына Ресейде жұмысқа тұру мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат беріледі. Үміткерлерді іріктеу, еңбек келісімшартын жасату — бәрі-бәрі жұмыс берушілермен пысықталады. Тіпті, Ресейдің білім беру жүйесі бойынша оқыту мен кешенді емтиxан тапсыру шаралары да қарастырылған.

Бұдан бөлек, еңбек мигранттарының денсаулығы, xалықаралық іздеуде бар-жоғы, істі болғаны, я болмағаны жан-жақты тексеріледі. Ал сынақтан сүрінбей өткендер үшін Ресейдегі жұмыс орнына дейін жеткізіп ғана қоймай, Өзбекстанға қайтару шаралары да атқарылады.

Айта кеткен жөн, Ресей шетелдік азаматтарды уақытша жұмысқа жүйелі түрде тарту туралы келісімді алғаш рет рәсімдеп отыр. Аталған құжатта осы елдің мүддесі толығымен ескерілген.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады