jasqazaq.kz

Ресей Елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

05 қазан 2022, 12:57


Елші Петр Врублевскийдің Қазақстаннан кетуіне қатысты Украина жағымен ешқандай проблема жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртықы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Мәскеудегі Елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылған болатын. Бұл қалыпты дипломатиялық тәжірибе. Бүгін Ресей Елшісі еліміздің Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Осы орайда РФ Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің (Мария Захарованың) мәлімдемесі қаралады. Сонымен қатар, Ресей жағының Украина Елшісіне қатысты талаптары талқыланады», — деді А. Смадияров Парламент Мәжілісінде өткен брифингіде.

Осы орайда ол Украинаның Елшісі (Петр Врублевский) Қазақстаннан кететінін айтты. Украинаның Сыртқы істер министрлігі жаңа елші тағайындау туралы өтініш жіберді. Қазір бұл өтініш қарастырылып жатыр. П. Врублевскийдің Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде немесе басқа да мемлекеттік ведомстволарда қандай да бір кездесулері жоспарланбаған.

«Бұл мәселе бойынша Украина жағымен біздің толық келісіміміз бар. Қос тарап уағдаластықтарын орындады. Сондықтан Украина жағымен шешілмеген ешқандай мәселе жоқ. Қазақстандағы Елшінің кетуі туралы шешімін Украина Сыртқы істер министрлігі өздері шығарды. Осы орайда басқа Елші тағайындалмақ», — деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл тамыз айында Украина Елшісі Петр Врублевский блогерге берген сұхбатына қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті