jasqazaq.kz

Ресей азаматы жол салуға бөлінген ақшаны жымқырып, қашып кеткен

23 ақпан 2018, 12:48

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тасжолының Қазақстандағы бөлігін салу кезінде Ресей азаматы 222 миллион теңгені жымқырып, жасырынып жүр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ерлік Кеңесбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тасжолын салу кезіндегі ақша жымқыру бойынша, күдікті Игнатьевтің тұрғылықты мекенжайы жоқ болғанына, Ресей Федерациясының азаматы болғанына қарамастан үш ай бойы оған қатысты бұлтарпау шарасы қолданылмаған. Ол бюджеттің 222 миллион теңгесін ұрлап, елден оңай шығып кетті, іздеу жарияланды. Енді оны іздеуге тағы да бюджет қаржысы жұмсалып жатыр. Тергеушілерге қатысты қылмыстық іс қозғауға тура келді», — дейді Кеңесбаев Қаржы министрлігінің Ммелекеттік кіріс комитеті алқасының алдында. Кеңесбаев кінәлі тұлғаларды анықтап, ұстау және тұтқындауды уақытында жүргізбеу қылмыстық-процестік кодекстің міндеттеріне қарсы келетінін атап өтті. «Ол уақытқа дейін күдікті тергеу органдарынан жасырынып үлгереді, жазадан бұлтара алмау қағидасын бұзып, қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетеді. Осылайша, қазіргі таңда 109 тұлға тергеу мен соттан жасырынып жүр. Биыл қаңтарда осындай дерек бойынша Бас прокуратура өкілдері екі экономикалық тергеу қызметкерлеріне қатысты «Қызметі бойынша әрекетсіздік» бабымен іс қозғады», — деп ескертті ол.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды