jasqazaq.kz

Ренат Зайытов: Дін тақырыбын пайдаланып, бүлік жасағысы келетін топтар бар

18 қыркүйек 2023, 15:51

Депутат Ринат Зайытов «Алаяқтардың 80 пайызы намаз оқитындар» деген сөзіне түсінік берді.
«Қаржы пирамидалары бар, қажылыққа апарамыз деп лақтырғандар бар. Ақша табысын көбейтеміз деп айтатындар тағы бар. Эфир жүргізетіндер бар. Мұның бәрі таза алаяқтық. Ең үлкен мәселе — менің айтқан әңгімемде емес. Мәселе — бұл тақырып неге осылай тарағанында. Бізде мемлекетте дін тақырыбын пайдаланып, бүлік жасағысы келіп отырған топтар бар. Мұны мен нақты айта аламын. Өйткені оларға шу керек. Осы уақытқа дейін олар түрлі діни ағымдарды кіргізіп, дайындады. Барлық назар діннің айналасына ауатындай жағдай жасады да, бірінші хиджаб мәселесінен бастады. Ол проблема жыл сайын көтеріліп, қайта басылатын. Биыл неге басылмай жатыр?» — депутат.

Оның айтуынша, сөзін әлгі топ «Намазхандардың 80 пайызы алаяқ» деп өзгертіп жіберген. Ол дінге жаны ашитын адамдар алдымен діннің атын жамылып, исламның атына кір келтіріп жүрген топтарды түзеп алуы керегін айтты. «80 пайыз деген — мен көрген 10 оқиғаның 8-і. Демек мен көрген 10 алаяқтың 8-і намаз оқиды», — дейді Р.Зайытов.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң