jasqazaq.kz

Рельске басымен жатып, пойыз астына түскен семейлік аман қалды

27 қазан 2017, 11:20

Семейде ер адам пойыз рельсіне басын қойып, өз-өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ «Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 25 қазан күні сағат түскі 14:10 шамасында Семей — Ескі Ертіс стансалары аралығында болған.

«Машинистің айтуынша, зардап шеккен адам аяқ астынан жүгіріп шығып, рельске басын қоя қойған», — деп хабарлады «Жүк тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен. Осыған қарамастан, ер адам тірі қалған. «Ол жедел жәрдем қызметімен Семей қаласында жеткізілді. Қазіргі уақытта оның кім екені анықталды. Зардап шеккен адам мас күйде болған», — делінген хабарламада. Компаниядан мәлім еткендей, осы күні пойыз жолдарында тағы бір оқиға тіркелді. Көкшетау-Новоишимская учаскесінде машинист темір жол бойында бөгде адамның жүргенін көріп, сағатына 75 шақырыммен келе жатқан пойызды жедел тоқтатуға мәжбүр болған. Ауа райының жайсыздығынан көру мүмкіндігі аз болғандықтан, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан қауіпсіздік ережелерін сақтамай, темір жолдың үстімен қой айдап бара жатқан қойшы зардап шеккен. Аталған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. «Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың 9 айының ішінде Қазақстанда пойыздың адам қағуына қатысты — 83, малға қатысты 10-нан астам оқиға тіркелді.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс