jasqazaq.kz

Рейсті кешіктірсе, әуе компаниясы айыппұл төлейді

27 қазан 2022, 11:52

Бұдан былай ұшу уақытын ауыстыру туралы бір жақты шешім қабылдаған әуе компаниясы кешіктірілген бағыттың әр сағаты үшін билет құнының 3 пайызын төлеуі керек. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева БАҚ өкілдерімен 26 қазанда өткен онлайн кездесуде хабарлады.
Ол қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы: «Егер әуеакомпания өз бастамасы бойынша рейс уақытын өзгертетін болса, екі сағаттан кейін жолаушыларға қызмет көрсетуі тиіс. Сондай-ақ рейс уақыты шегерілгенде бір сағаттан кейін 3 пайыз өтемақы төлеу қарастырылған», — деді.

С.Томпиеваның айтуынша, егер авиакомпания кешіктірілген әрбір сағат үшін билет құнының 3% өтемақы төлемесе, оған айыппұл салынады.

Қыркүйек айында азаматтық авиация комитеті отандық әуе компанияларына екі айдың ішінде 21 млн теңгеден астам сомаға жеті рет айыппұл салынғанын хабарлады. Мәселен, 2022 жылдың тамыз айының үшінші онкүндігінде Air Astana авиакомпаниясына қатысты рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 6 126 000 теңге көлемінде екі қосымша айыппұл салынды. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Air Astana компаниясына қатысты жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 теңге) алты айыппұл салыныпты. Ал SCAT әуекомпаниясы рейсті кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 3 063 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңының 86-бабында рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда тасымалдаушының жолаушы алдындағы жауапкершілігі айтылған. Осылайша, тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтатылған немесе уақыты шегерілгенде, әуе кемесінің кешігуі, тасымал бағытының өзгеруі салдарынан рейс тоқтатылған кезде тасымалдаушы жөнелту пункттерінде және аралық пункттерде жолаушылар үшін тиісті қызметті ұйымдастыруға міндетті.

Мақпал Ноғайбаева

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті