jasqazaq.kz

Рақымшылық: қылмыстық жазасының соңғы жылы қалғандар босатылады

11 маусым 2025, 10:45

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында рақымшылық жасау туралы заң жобасын талқылау кезінде босатылатын адамдардың саны белгілі болды.

— Қазіргі кезде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау жөніндегі қылмыстық атқару жүйесіндегі 63 мекемесінде, 16 тергеу изоляторында 40 мыңнан астам адам қамауда отыр. Олардың ішінде 33 мыңы сотталған және 7 мыңы тергеу қамауында.

Бұдан басқа, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр. Алдын ала есептеулерге сәйкес, рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам, яғни барлығы 15 мың адам қамтылады, — деді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Оның айтуынша, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебіндегі 3,5 мың сотталған, барлығы 4 мың 100 адам бостандыққа шығады.

— Одан бөлек, бұған дейін еш жерде жарияланбаған тың мәлімет ретінде айта кетейін. Жұмыс тобының соңғы отырысында депутаттардың ұсынысымен рақымшылық актісін жүзеге асыру барысында қылмыстық жазасын өтеуге соңғы бір жыл қалған, оң мінезделетін 1 700-ден астам сотталғанның босап шығуы көзделген. Ол өзгеріс заң жобасының екінші және үшінші бабында ескерілген, — деді депутат.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы 5 400 сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 5 500 адамға жазаның өтелмеген мерзімін саралап қысқарту қолданылады. Мерзімдерді қысқарту 11 мың адамды қамтиды.

— Сонымен қатар, рақымшылық жасау әрекетіне әлеуметтік жағынан осал адамдар санатынан 629 адам (2 мың 373 мың адамнын ішінде), яғни оның 57-сі босату арқылы және 572-сі мерзімін қысқарту арқылы қамтылады. Рақымшылық жасау туралы заң жобасы 833 әйелге қатысты. Оның арасында 109-ы босатылса, 724 әйелдің мерзімі қысқартылады, — деді А. Құспан.

 

Бүгін, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер