jasqazaq.kz

Рүстем Тұрсынбаев Канадада бой тасалап жүр

27 қазан 2016, 13:15

snimok

Бүгін Астанада өткен «Ұрланған активтерді шетелден қайтару және ұлттық қаржы жүйесін дамыту» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» Бас прокурор Жақып Асанов «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының бұрынғы вице-президенті Рүстем Тұрсынбаевтың қыруар қаржыны қалай ұрлағанын айтып берді.

«Қазатомөнеркәсібі» оффшордан адам ойына келмейтін бағамен күкірт қышқылын сатып алып отырған. Шын мәнінде 70 миллион доллар көлеміндегі барлық маржаны компанияның вице-президенті Тұрсынбаев өз қалтасына басып алған. Қазіргі кезде ол Канада бой тасалап жүр», — деді Ж.Асанов.

Айта кеткен жөн, Р.Тұрсынбаев осыдан жеті жыл бұрын шетелге қашып кеткен.

Бүгінгі отырыс барысында Бас прокурор қазіргі қаржылық қылмыстарды тергеу жүйесін өзгерту қажеттігін жеткізді. Себебі құқық қорғау органдары нақты бір іспен айналысып жатқанда қылмыскерлер қыруар қаражатты шетелге аударып, елден тайып тұрады. Былайша айтқанда, тергеушілердің барлық күш-жігері бюрократияға кетіп жатыр. Ал ұрланған ақша бірден тәркіленсе, қылмыскер ешқайда қаша алмайды.

Осы орайда Ж.Асанов қаржылық тергеулерді параллельді жүргізу меxанизмін қолға алуды ұсынды.

Сондай-ақ Қазақстанда шетелдегі қаржыны қайтаруға арналған арнайы жобаның қолға алынғанын ерекше атап өткен жөн.

Соның аясында шетелдік мамандар Қазақстанның 10 қызметкерін даярлап жатыр. Осы курстардан кейін олар шетелдік тәжірибені бүкіл аппаратқа тарататын болады.

ҚазАқпарат

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке