jasqazaq.kz

Р.Скляр: 4,1 миллион гектар жер банкте кепілде тұр

29 мамыр 2023, 14:07


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4,1 млн гектар жер банктердің кепілінде тұр. Мұны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті. «Екінші деңгейдегі банктердің мәліметтеріне сәйкес, бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 2 661 жер учаскесі, оның ішінде шартты жер үлестері есебінен қалыптастырылған, жалпы ауданы шамамен 4,1 млн гектар жер кепілде тұр. Жер учаскелерін қамтамасыз етуге арналған несиелердің ағымдағы берешегі 1 213 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күні шартты жер үлестеріне құқықтарды ұстаушылар жер учаскесіне құқықтарды негізінен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе шаруа қожалығын дербес (біріккен) жүргізу не өндірістік кооперативтерге жарна ретінде салу жолымен іске асырды. Осылайша қалыптастырылған жер учаскелерін Жер кодексінің 79-бабына сәйкес шаруашылық серіктестік кепілмен қамтамасыз ету ретінде банкке бере алады. Қатысушылар шаруашылық серіктестік құрамынан шыққан жағдайда оларға жер учаскелерінің үлестерін қайтару тәртібі заңнамалық реттелген», – деп жазды Премьер-Министрдің орынбасары депутаттардың сауалына қайтарған жауабында.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң