jasqazaq.kz

«Пышақпен оқталды». Сотталушы Нұрбол Тоқтаубай жауап берді

15 мамыр, 16:02

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы түсткен кейін жалғасып, сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Ол төбелестің басталуына себеп болған жәйтке тоқталды: «Менің телефоныма Дархан Әскентай атты танысым қоңырау шалды. Талғар қаласындағы Менделеев көшесінде орналасқан «Қамажай» дүкеніне келуімді өтінді. Мен Думан Ысқаққа өтініш жасадым, өйткені өзім бір бөтелке сыра ішіп алған едім. Кейін ол рөлге отырып, «Қамажай» дүкеніне бардық».

Судья оған «Дархан Әскентай нақты не деп өтінді?» деген сауал қойды.

«Ол «мені біреу ұрып кетті, алып кетші» деп айтты. «Қазір барамын» дедім. Оған көмек керегі сезіліп тұрды. Барған кезде дүкен сыртындағы Дархан Әскентайдың беті қан болды. Сонымен мән-жайды айтып берді. Ол дүкен сатушысының баласы ұрып тастағанын айтты», — деді Н.Тоқтаубаев.
Содан кейін ол мән-жайды білу үшін Қаржаубаймен сөйлескен.
«Қал-жағдай сұрасқан соң, не болғанын сұрадым. Ол «сенің досың шот төлемеді» деп айтты. Агрессивті түрде сөйледі. «Мен ұрдым» деді, біресе «балам ұрды» деді. «Жақсы, шот төленбесе, мен төлейін ендеше» деп артығымен1500 теңге төледім», — деді ол.
Содан кейін олар мәшинеге мініп кетіп қалады.

«Дархан Әскентай жолда маған ақталып, өзінің телефонынан түбіртекті көрсетіп, төлегенін айтты. «Қағаз ақша мың теңге тағы бердім» деді. Мен дүкенге қайтадан айналып баруға шешім қабылдадым. Артық төлеген ақшамды қайтарып алу үшін және Дархан Әскентайдың шотты төлегенін растағым келді. Қайтадан барған кезде Қаржаубай агрессивті түрде пышақ алып оқталды. Біздің айналып келгенімізге қарсы болды. «Менімен шық» деді, «менімен шықпасаң, баламмен шық» деп айтты. Тағы да пышақ тақады. Мен 1996 жылғымын. Бұрын-соңды сотталмағанмын, мәселені ушықтырмай шешіп алып, кету керек еді», — деген ол Нұрғанат Ғайыпбаевтың телефон соғып жатқанын көрген.
Н.Тоқтаубай: «Қаржаубай «мен сені өлтіремін» деп пышақпен оқталды, мен абдырап қалдым. Кейін жанымызға 6-7 шақты бойшаң балалар келді. Мен бауырыма хабарласып, кейін төбелес басталып кетті», — деді.
Сот отырысы жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: видеодан кадр

11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы