jasqazaq.kz

ПСЖ чемпиондар лигасында рекорд орнатты

23 қараша 2017, 12:02

Өз алаңында Шотландияның «Селтигін» 7:1 есебімен талқандаған париждіктер Еуропа Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі голдар саны бойынша рекорд орнатты. Бұл жайлы УЕФА-ның ресми сайты хабарлайды.

Топтық кезеңнің аяқталуына әлі бір тур болса да, париждік клуб гол соғу жоспарын артығымен орындады деуге болады: қазірге дейінгі 5 ойында 24 гол соққан, яғни гол соғу нәтижелілігі әзірге 1 матчқа 4,8 голға жетті. Ойынның бірінші минутында «Селтиктегі» франциялық шабуылшысы М. Дембеле есеп ашты. Алайда бұл жергілікті ұжымның ызасын келтірді. 9-шы және 22-минуттарда Неймар дубль жасап, 28-минутта Кавани есепті 3:1-ге жеткізді. Ал 35-минутта Мбаппенің соққан голы іс жүзінде ойын тағдырын шешті. Екінші тайм да париждіктердің толық үстемдігімен өтті, мұны допқа иелік етудің 61%-ке 39% көрсеткішінен де аңғаруға болады. Әрі 75-минутта Вератти командасының бесінші голын, 79-минутта Кавани өзінің екінші голын, араға бір-ақ минут салып Д. Алвес соңғы жетінші голды соқты. «ПСЖ» топтық кезеңнің артта қалған бес ойынында қарсыластарын: 5:0, 3:0, 4:0, 5:0, 7:1 есептерімен жеңді. Айта кетелік, бұл әлі париждіктердің қорытынды нәтижесі болмауы да мүмкін, өйткені 7 желтоқсанда алтыншы тур аясында Юпп Хайнкес бастаған «Баварияға» сапар шегеді. ЕЧЛ топтық кезеңінде ең көп гол соққан командалар: 24 гол — «Пари Сен-Жермен» 2017/18 21 гол — «Боруссия» Дортмунд 2016/17 20 гол — «Манчестер Юнайтед» 1998/99 20 гол — «Барселона» 2011/12 20 гол — «Реал» 2013/14 20 гол — «Барселона» 2016/17 19 гол — «Барселона» 1999/20 19 гол — «Реал» 2011/12 19 гол — «Реал» 2015/16 19 гол — «Бавария» 2015/16.

ҚазАқпарат

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті