Франциялық «Пари Сен-Жермен» клубының басшылары қысқы трансферлік маусымның алдында команданың бас бапкері Унаи Эмериді қызметінен босатуы мүмкін, деп хабарлайды vesti.kz.
Дерккөздің мәліметі бойыша, қазіргі уақытта Эмеридің ойыншылар арасында абыройы жоқ екен. Нақтырақ айтатын болсақ, маманның қызметіне Неймар бастаған клубтың бразилиялық футболшыларының көңілі толмачом.
ПСЖ басшылары команданың тізгінін қазіргі уақытта ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының тізгінін ұстап жүрген Жозе Моуриньоға бергісі келеді. Сонымен қатар франциялық клуб Эмериді қызметінен босатқаннан кейін оның орнына жыл соңына дейін клуб тізгінін уақытша бір маманға беруі ықтимал.
Айта кетейік, Эмеридің бастамасымен ПСЖ клубы қазіргі уақытта Франция чемпионатында көш бастап, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.