jasqazaq.kz

Прокурордың орынбасары әйелінің орнына декретке шықты

23 қараша 2017, 15:44

Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев әйелінің орнына декреттік демалысқа кетті. Прокуратураның баспасөз бөлімі хабарлағандай, Артықбаев бала күтіміне байланысты демалысқа 2017 жылдың 1 қазанынан бастап шыққан. Ол енді үш жыл «үйде отырады», деп хабарлайды Today.kz.

Қуат Артықбаев қызметінен өз еркімен босатылған.

Ер адам жоғары лауазымына қарамастан, отбасындағы мансапты құп көрген.

«Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жұмысшыға бала күтіміне байланысты демалысты бала үш жасқа толғанша беруге міндетті. Баланың дүниеге келгенін растайтын туу туралы куәлікті немесе басқа құжатты көрсеткен баланың әкесі не анасы ата-ананың таңдауына қарай демалысқа шығады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Қуат Артықбаев бала күтіміне байланысты 2020 жылдың 21 наурызына дейін жұмысқа шықпайды.

Декреттік демалысқа бұдан бұрын да әйелінің орнына ер адамдар шығып жүрген.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті