
Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақ құрылысынан 150-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Прокуратураның баспасөз қызметі осылай мәлімдеді. Алматы аумағында таулы жерлерде, су қорғау және ерекше қорғалатын орындарда құрылыс жұмыстарының жүргізілуі қала тұрғындары үшін өзекті әрі алаңдататын мәселе.
«Осы сұрақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтетін Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаевтың төрағалығымен қаралды. Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне тау бөктеріндегі құрылыста, су қоймасының бойында және ерекше қорғалатын аймақтарда 150-ден астам заң бұзушылық анықталғаны айтылды. 2022 жылы тұрғындарды төтенше табиғат апаттарынан қорғау мақсатында, Алматы қаласының Бас жоспары тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беретін, өзендердің су қоймаларын көгалдандыру шарасын қарастырды. 20 жылдан астам уақыттан бері бұл талаптар ескерілмей келеді. Прокуратураның наразылығымен аумағы 200 га «жасыл аймақтан» «қоршалған үйлерге» айналған жобаның егжей-тегжейлі жоспарына бұрын енгізілген өзгертулер жойылды. Тау бөктерлеріндегі жаппай құрылыс пен көпжылдық жасыл желектерді шабудың алды алынды», — деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Сонымен бірге Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты жер учаскелерін беру қарастырылды. Бұл жерде туристік мақсаттарға арналған учаскілерге іс жүзінде коттедждер салынған аумағы 15 гектардан асады. Прокурорлардың араласуымен саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 талап арыз жазылды. «Тағы да бір маңызды сұрақ, қала су айдындарының бойындағы құрылыс. Су қорғау белдеулерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңмен тыйым салынған. Мұндай аймақтар тұрғындарды табиғат апаттарынан қорғау мақсатында пайдаланылуы қажет. Сонымен бірге органдармен құрылысқа рұқсат берілген біршама нысандар бар, олардың бірқатары су инспекциясының келісімінсіз жүзеге асқан. Басқа жағдайда су қорғау белдеулері қасақана 35 метрден 6 метрге түсірілген, бұл өз кезегінде сол аумақтарда жоғары қабатты тұрғын үйлер тұрғызуға мүмкіндік береді. Мұндай құрылыстар Әуезов, Наурызбай, Жетісу, Алатау аударында бар екенін» мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.
JQ-Aqparat