jasqazaq.kz

«Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы басшысы не үшін қамауға алынды?

24 ақпан, 10:51

Астанада «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Дәулет Бақберген қамауға алынды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Козачков Telegram арнасында хабарланды. Арнадағы мәліметке сүйенсек, Дәулет Бақберген қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты ұйым. Қор екінші деңгейлі банктердің балансындағы проблемалық активтерді қабылдап алып, оларды кейіннен қайта сатумен айналысады.
Дереккөз мәліметінше, Дәулет Бақберген біраз уақыт бұрын Астанада ұсталып, кейін Алматыға жеткізілген. Сондай-ақ қазіргі таңда істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатқанын айтады. Алайда құқық қорғау органдары аталған іс бойынша ресми мәлімет берген жоқ.

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес