jasqazaq.kz

PRO.NRG FEST-2026 тіршілік көзі – су тақырыбына арналды

Бүгін, 18:07

Астана қаласында PRO.NRG FEST 2026 отбасылық ғылыми-көпшілік фестивалі бесінші рет болып өтті. Биылғы іс-шара мектеп оқушыларының, мұғалімердің, ата-аналардыі, ғалымдардың, сондай-ақ бизнес пен коммерциялық емес сектордың өкілдерінің, жалпы алғанда — 10 мыңнан астамның басын қосты. Бұл- қатысушылардың саны жағынан рекордтық көрсеткіш.
Фестиваль өз шымылдығын әдемі театрландырылған қойылыммен ашып, көпшілікті бірден өз иіріміне тарта түсті. Иірім демекші бесінші фестиваль осы заманғы өзекті тақырыптың бірі – су мәселесіне арналды. Flow of Science («Ғылым ағыны») тұжырымдамасы ғылымды, технологиялар мен өнерді әлемдік су ресурстарын сақтау төңірегінде біріктірді.
Фестивальді ұйымдастырушылар Caravan of Knowledge корпоративтік қоры мен «Шеврон» компаниясы екенін атап өту керек.
Зарина Бүйінбаева, Caravan of Knowledge қорының құрылтайшысы: «PRO.NRG FEST – бұл жай ғана фестиваль емес, бұл білім қозғалысқа айналатын кеңістік. Осы жылғы тақырыптың негізінде ағын идеясы жатыр: су сияқты білім тоқтамауға тиіс – ол идеядан экспериментке, эксперименттен өмірдегі шынайы өзгерістерге өтуге тиіс. «Шеврон» компаниясымен серіктестікте біз бала – зерттеушіге, мұғалім – жаңа практикалардың иегеріне, ал ата-ана білім, ғылым, бизнес және қоғам біртұтас экожүйеге бірігетін болашаққа бірлесіп қатысушыға айналатын ортаны құрамыз. Біз үшін ғылымның мектептің аясынан шығып, өмірдің бір бөлігіне айналуы маңызды, өйткені елді өзгерте алатын ойлау мәдениеті дәл осылай қалыптасады».
Дерек Магнесс, «Шеврон Еуразия» президенті: «Қазір біз технологиялық, экологиялық және әлеуметтік ортаның қарқынды дамып жатқан заманында өмір сүріп отырмыз. Мұндай әлемде өсіп келе жатқан буынның бойына білімпаздықты сіңіру маңызды. Ол оқудың маңызын түсінгенде, сұрақ қоюға болатынын білгенде, қателесу – саяхаттың бір бөлігі екеніне көз жеткенде ғана дамиды. PRO.NRG Fest осындай тәжірибе, өзара әрекеттесу және жаңалық ашу арқылы оқу қағидасын ұстанады. Осы жерде жиналған оқушылар мен балаларға айтқым келетіні: сұрақ қойыңыздар, идеяларыңызды ұсыныңыздар. Сіздер кейде біздің ойымызға келмейтін шешімдерді ұсына аласыздар. Ізденуден, “неге” деген сұрақ қоюдан және үйреншікті нәрселерге күмән келтіруден қорықпаңыздар. Болашаққа сіздердің қиялдарыңыз бен білімдеріңіз тең дәрежеде қажет. PRO.NRG Fest-ті жаңа көзқарастар пайда болатын алаңға айналдырайық. Бүгін басталған идеялар фестиваль аяқталғаннан кейін де сыныптарда, үйлерде, қауымдастықтарда және болашақ инновацияларда өз жалғасын таба берсін».
Фестивальдің басты бағыттарынң бірі өскелең ұрпақтың ғылыми ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов атап өткендей: «Мемлекет басшысы алдымызға озық ойлы ұлт қалыптастыру міндетін қойды. Осыған байланысты, мектеп оқушыларын ғылымға тартып, олардың ізденіс дағдыларын дамыту және білім беру бастамаларын қолдау ерекше маңызға ие. Балаларда табиғатқа ұқыпты қарайтын көзқарасты қалыптастыру да білім беру жүйесі басымдықтарының бірі болып табылады. PRO.NRG FEST сияқты жобалар білімді практикамен ұштастыруға көмектесіп және мектеп оқушыларының ғылымға деген орнықты қызығушылығы мен қоршаған орта үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыра отырып, маңызды рөл атқарады».
PRO.NRG FEST 2026 бағдарламасы ғылыми квесттерді, интерактивті digital-аймақтарды қоса алғанда, 40-тан астам баяндамалар мен 35 интерактивті форматты қамтыды және дәстүр бойынша әрқайсысы ғылым мен білім берудегі жеке бағытты ашқан бірнеше секцияға (ағынға) бөлінді.
Қазіргі білім берудегі педагог рөлінің негізгі аспектілеріне арналған USTAZ секциясы биыл мазмұнды бағдарламаны ұсынды. Спикерлер стартаптар құру тұрғысынан мектеп практикаларының әлеуетін зерттеп, білім алушылардың ынтасын арттыру үшін Гарвардтың бизнес-құралдарымен бөлісті.
«Су ырғақтары» ағыны PRO.NRG FEST 2026 фестивалінің орталық тақырыптарының бірі және басты жаңалығы болды. Қазақстандық және халықаралық спикерлер республикамыздағы су ресурстарының жай-күйі, ауызсудың өткір тапшылығы және оны тазартудың инновациялық әдістері туралы жан-жақты сарапшылық пікір алмасу өткізді.
Биыл PRO.NRG FEST көрермендерге көптеген интерактивті шоулар мен демонстрацияларды ұсынды. «Мұздату сиқыры» крио-шоуына қатысушылар балалар мен ересектерді әсерлі қойылымымен таңғалдырды, оның барысында олар заттарды мұздатуды, «түтіндейтін» попкорнды және сиқырлы бұлттарды көрсетті. Елордалық Sintez іздестіру-эксперименттік театры Абай Құнанбаевтың 17-ші Қара сөзіне негізделген «Адам тіршілігінің формуласы» атты қазақ тіліндегі заманауи интерактивті қойылымды көрсетті. «Қайрат, Ақыл, Жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, Ғылымға жүгініпті…» – адам болмысының мән-мағынасын ашатын осы философиялық трактат дәл осылай басталады.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған 8 – 11-сынып оқушылары арасында «Ғылымдағы дебют» ғылыми жобалар конкурсының финалы фестивальдің басты оқиғаларының біріне айналды.
Оның аясында су тақырыбына арналған 100-ден жобалар «Су энергия мен физикалық процестердің көзі ретінде», «Су, экология және адам денсаулығы», «Су сәулет пен құрылыста» және «Су: камера арқылы көзқарас» деген бағыттарда ұсынылды.
Мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 еліміздің жетекші білім беру платформасы деген мәртебесін тағы бір мәрте растады. Бұл фестиваль шара аралық қорытынды шығарудың маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар, одан әрі даму үшін бастапқы нүктеге айналды. PRO.NRG орнықты болашақты құру үшін ғылымды, білім мен қоғамды біріктіре отырып, алға қарай қозғалысын жалғастыруда.
Абзал Ибрагим,
Астана

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам