jasqazaq.kz

Президенттік әдеби сыйлық – жас дарындарға

02 маусым 2023, 11:33

 

Елімізде биыл тұңғыш рет дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету, ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталады. Бұл туралы жас қаламгерлермен кездесу барысында мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты.

Президеттік әдеби сыйлық негізгі 4 номинация бойынша үздіктерді анықтайды. Үміткерлер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» бойынша өз еңбектерін ұсына алады. Әр номинацияда жеңімпазға 4 млн теңге сыйақы және «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом және төсбелгімен марапатталады.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер үміткер бола алады. Өтінімдер 2023 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін, қағаз және электронды нұсқада қабылданады. Басты шарт – Президенттік әдеби сыйлыққа ұсынылатын жұмыс осыған дейін халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған, тың туынды болуы керек.

«Мұндай бастамалар отандық әдебиетті дамыту үшін ғана емес, қазақ тіліндегі контентті көбейту үшін, әсіресе балалар әдебиеті саласындағы контентті көбейту үшін қажет. Бүгінде министрлік театр өнеріне үлкен көңіл бөліп отыр. Біздің мақсатымыз-отандық авторлардың қойылымдарының санын арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жас драматургтер маңызды рөл атқаратынына сенімдімін»,- деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

JQ-Aqparat

 

 

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң