jasqazaq.kz

Президент: Ұлт рәміздері — Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары

04 маусым 2025, 11:44

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды.
– Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады. Сондықтан біз осы мейрамға орай жыл сайын көк Туымызды биікке көтереміз. Бабаларымыз «Туыңды тік ұста!» деп өсиет қалдырды. Осы аманатқа адал болу – баршаға ортақ парыз. Бүгінде көк байрағымыз қастерлі Отанымыз – Қазақстанның бейбіт аспанында желбіреп тұр. Оны кейінгі ұрпаққа табыстау – қасиетті борыш, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір көк Туымыздың беделін бүкіл әлем мойындайды. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны альпинистеріміз жер шарындағы ең биік шыңдарға көтерді. Спортшыларымыз талай мәрте жеңіс тұғырына шығарды.

– Биыл жауынгерлеріміз бітімгерлік миссиясын көк байрақтың астында тұңғыш рет дербес орындап келді. Азаматтарымыздың, мемлекетіміздің осындай жетістіктері Қазақстанның қуатты әрі жасампаз ел екенін көрсетеді. Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы. Елтаңбамыз, көк Туымыз бен Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен ерекше орын алады. Бұл – нағыз отаншылдық белгісі. Ұлт нышандары – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, жарқын болашағымыздың кепілі, – деді Мемлекет басшысы.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам