jasqazaq.kz

Президент: Референдумға белсене қатысу – ел тағдырына бей-жай қарамау

12 наурыз, 14:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде 15 наурызда өтетін референдум туралы айтып өтті.

Мемлекет басшысы: «Жаңа Ата заңымыз технологиялық өрлеуге, жасанды интеллектіні дамытуға және жаппай цифрландыруға жол ашады. Отанымыздың әділетті әрі өркендеген мемлекет болуына ықпал етеді.
Біз – бейбіт елміз. Қазақстанның көк түсті төлқұжатын жаһан жұртшылығы жақсы біледі және құрметтейді. Әлемнің әр түкпірінде азаматтарымызды жылы қабақпен, ерекше ілтипатпен қарсы алады.
Бүгінде 90 мыңнан астам жастарымыз шетелде кедергісіз білім алуда. Біз әр адамға зор мүмкіндік беретін елде өмір сүріп жатырмыз. Жақында өтетін референдум – сондай керемет мүмкіндіктің бірегейі.
15 наурызда әр азаматымыз Қазақ елінің жасампаздық жылнамасына өз қолтаңбасын қалдыра алады. Бұл – нағыз тарихи сәт. Мұндай сәт үнемі бола бермейді», — деді.
Президент Қазақстан жастарына арнайы үндеу жасап, референдумға белсенді қатысуға шақырды:
«Референдумға белсене қатысу – ел тағдырына бей-жай қарамау деген сөз. Сол күні өз таңдауыңды жасау – туған елдің жарқын болашағын Өз қолыңмен құру деген сөз.
Уақыт өтеді, ал Қазақстан жаңа Конституцияның арқасында қарыштап дами береді. Көп ұзамай әлемдегі ең озық елдің біріне айналады.
Сол кезде «Қастерлі Отанымды осы биікке жеткізген жолды таңдауға мен де атсалыстым» деп, мақтанышпен айта аласыздар. Ал, кейінгі буын өздеріңізге әрдайым ризашылығын білдіріп жүреді.
Ұлы Абай «Адамның адамшылығы істі бастауынан білінеді» деген. Біз бір ел болып маңызды әрі жауапты жұмысты қолға алдық. Ең бастысы, ниетіміз – түзу. Демек ісіміз оңға басып, берекелі болары сөзсіз.
Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен бізге кең-байтақ жерді аманат етті.
Біз де келер ұрпақтың әділетті әрі өркендеген Қазақстанда өмір сүргенін қалаймыз. Сол үшін бәрін жасаймыз.
Мен халқымыздың жасампаз қуатына, жастардың таудай талабына сенемін. Енді бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығарып, белсенді жұмыс істейік.
Ел мүддесіне адал қызмет ете беріңіздер!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!».

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр