jasqazaq.kz

Президент: Өз бетімізбен жүреміз деген ұстаным қазір жұмыс істемейді

28 қантар 2025, 12:28

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің жұмысына тоқталып, түйткілді мәселелер бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы: «Бірінші кезекте адамдарды ұлттық валюта бағамының құбылмалылығы алаңдатады. Сарапшылар Америка долларының нығаюына байланысты теңге бағамына қысым болады деп күтіп отыр. Валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпы инфляцияны ауыздықтау – аса маңызды жұмыс. Тіпті қазір негізгі жұмыс деп айтуға да болатын шығар, — деді.

Президент осы орайда Ұлттық банкке Үкіметпен тығыз әріптестікте жұмыс жүргізуді тапсырды: «Біз еркін нарықтамыз, өз бетімізбен жүреміз деген ұстаным қазір жұмыс істемейді. Өйткені ахуалдың өзін қалыпты деп айтуға келмейді. Бұл туралы кейінірек айтамын».

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады