jasqazaq.kz

Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет

20 қантар, 14:02

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде елімізде неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заң жүзінде ресми бекіту қажет екенін атап көрсетті деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Президенттің айтуынша, мемлекет дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғауға, деструктивті, ашық айтқанда, ұлтымызға жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруға міндетті.

Мемлекет басшысы: «Біздің қоғамда неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде, мемлекеттік органда ресми тіркелетін құқықтық норма арқылы заңнамалық тұрғыда нығайту қажет. Алайда сонымен қатар мемлекеттің мораль мәселелеріндегі ресми ұстанымымен келіспейтін көзқарастары үшін ешкімді қылмыстық қудалауға, моральдық кемсітуге жол берілмеуі тиіс. Мемлекеттің ұстанымын мынадай қағидамен түйіндеуге болады: әрбір азаматтың таңдау жасауға құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкімге күшпен таңуға болмайды», – деді.

Президент мемлекет барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін берік қорғайтынын да атап өтті.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам