jasqazaq.kz

Президент: Италия — Еуропадағы ірі әріптесіміз

30 мамыр 2025, 12:56

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы: «Сіздің бұл сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастығымыздағы айтулы оқиға. Біз өзара байланысқа, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынасқа айрықша мән береміз. Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз. Бұл бекер емес. Екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауымыз қажет. Сіздің сапарыңыз қос ел арасындағы көпқырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз», — деді.
Өз кезегінде Джорджа Мелони:
«Еліңізге шақырып, қонақжайлылық танытқаныңыз және Астана халықаралық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаңдардың біріне айналып келеді. Біз Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диалог қажет. Мұны Өзіңіз де жақсы түсінесіз. Қазақстан – Италияның көптеген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді. Әйтсе де, кеше айтқанымдай, энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар», – деді.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады