jasqazaq.kz

Премьер-Министр E-Gov инфрақұрылымы 24/7 режимінде мінсіз жұмыс істеуі керек екенін ескертті

01 сәуiр 2025, 12:33

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz

Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олжас Бектенов мемлекеттік қызмет көрсету саласы мемлекет пен халықтың өзара ықпалдастығының маңызды бағыты екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бері мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жеңілдету және бюрократиядан арылту, бірыңғай “Электронды үкімет” жүйесін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл Қазақстанның цифрлық мемлекеттік қызмет көрсету рейтингінде әлемнің үздік 10 елі қатарына енуіне мүмкіндік берді»,
— деді.

Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтерді проактивті және тікелей көрсету кезеңіне өткендігі, яғни, мемлекеттен қызмет алу үшін ешқайда барудың қажеті болмайтыны атап өтілді.
Жүйе азаматтың өтінішін күтпей-ақ, бәрін өзі жасап береді. Мемлекеттік қызметтің мұндай түрлеріне, мысалы, бала өмірге келген кезде оған ЖСН автоматты түрде беріледі. Ал туу туралы куәлік SMS арқылы рәсімделсе, жәрдемақылардың барлық түрлері бұрынғы қалпында есептеледі.

Үкімет басшысы E-Gov инфрақұрылымы 24/7 режимінде мінсіз жұмыс істеуі керек екенін атап өтіп, серверлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк