jasqazaq.kz

Премьер-Министр банктер нақты секторды қаржыландыруға белсенді атсалысуы тиіс екенін ескертті

04 наурыз 2025, 12:38

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестік экономиканың нақты секторының дамуына кедергі келтіретініне тоқталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкімет басшысы: «Банктер қысқа мерзімді және тәуекелі аз несие бергенді дұрыс көреді. Ал нақты секторға қолжетімді және ұзақ мерзімді қаржы ресурстары қажет. Мемлекеттік даму институттары жобаларға негізінен өздері қаржы бөліп келеді. Бұл банктердің нақты секторға деген қызығушылығын төмендетеді. Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда басты рөлді екінші деңгейлі банктер атқаруы тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәл осы мәселені баса айтқан болатын», — деді.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады