jasqazaq.kz

Премьер-Министр әкімдерге жылу маусымына дайындыққа қазірден кірісуді тапсырды

27 мамыр 2025, 12:56

Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов жылу көздерін жаңғыртуға қатысты әкімдіктер жұмысындағы олқылықтарға тоқталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Премьер-министр бірқатар өңірдегі энергия көздерін жөндеу жұмыстарының кешеуілдеу қаупіне назар аударды.
Мәселен, Семей қаласында қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Маңғыстау облысында «МАЭК-тің» 2-ші Жылу орталығындағы турбинаны жөндеу тиісті жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясына берілген. Қостанай облысында Рудный жылу электр орталығындағы турбинаны жөндеу 10 сәуірден бері басталған жоқ. Арқалық жылу станциясындағы қазандық бойынша да осындай жағдай қалыптасып отыр. Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы қазандықтарды жөндеу жұмыстарының қарқыны да тым баяу.
Премьер-Министр: «Мұндай кемшіліктер өңірлердің бәрінде дерлік кездеседі және ол тиісті бақылаудың жоқтығын білдіреді. Әкімдіктер министрліктерге сілтеп немесе қаражаттың жоқтығын, конкурстарды сылтауратып, бұл жұмысты назардан тыс қалдыруға болмайды. Жылыту маусымына дайындық – әкімдіктердің алдағы үш ай ішіндегі негізгі міндеті», — деп атап көрсетті.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді. Оған сәйкес, өңір әкімдіктері барлық конкурстық рәсімдерді екі аптада аяқтап, жөндеу жұмыстарына нақты кірісуі керек.
«Басы артық бюрократияға жол беруге болмайды. Биыл іске қосу жоспарланып отырған жаңа жылу нысандары бойынша барлық жұмысты тамыз айынан кешіктірмей аяқтау қажет.
Әкімдерге жылу нысандарына апта сайын барып, жағдайды жеке бақылауға алуды және барлық туындаған тәуекелдер бойынша шұғыл әрекет етуді тапсырамын»,
— деп тапсырды Олжас Бектенов.
Энергетика және Өнеркәсіп министрліктері, өңір әкімдіктері 10 маусымға дейін жылу маусымына дайындық жоспарын нақтылауы қажет.
«Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде – 15 қазанға дейін толықтай әзір болуы тиіс»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
«KEGOC» компаниясы Энергетика министрлігімен бірлесіп, 15 маусымға дейін алдағы жылыту маусымында ұлттық маңызы бар стансаларға арналған жабдықтардың жұмыс режимдерін бекітуі керек. Олжас Бектенов: «Жөндеу мерзімдерін ауыстыруға немесе жұмыс көлемін азайтуға жол берілмейді. Әрбір факт бойынша меншік иелеріне, сол сияқты басқарушы компанияларға қатысты шаралар қабылданады», — деді.
Энергетика министрлігіне Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен тұйықтарда отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Өңірлердің жылу беру маусымына әзірлік барысына тұрақты негізде бақылау жасау Үкімет Аппаратына, бақылау үшін үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам