jasqazaq.kz

Полицияға қарсылық көрсетіп, көлігіне от қойды (Видео)

01 шiлде 2021, 11:04

Полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен түркістандық жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ППТ-ның инспекторы полиция Ерназар Сүйіндік өзіне бекітілген аумақта патрульдеу кезінде Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде мемлекеттік нөмірсіз жүрген ВАЗ 2106 маркалы көліктің жүргізушісін тоқтатады. Тәртіп сақшысы заң аясында өзін таныстырып, не себепті тоқтатқанын жеткізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен хаттама толтырады.

Жүргізуші автокөлігінің кілтін бермеген соң, полицей эвакуатор шақырады. Ал жүргізуші болса, көлікті алып кету кезінде қарсылық көрсетіп, боқтап, билік өкіліне қарсы негізсіз айыптаулар тағып, аузына келген былапыт сөздермен қорлай бастайды. Яғни, тұрғын өзінің теріс қылығын көрсетіп, одан әрі көліктің ішіне өрт қояды. Ол полиция қызметкеріне күш қолданып, иығындағы шендерін жұлып жіберген. Бұл жағдайлардың барлығы полицейдің бейнежетонына жазылған. Осыған байланысты құқықбұзушы ер адам ҚПБ-ға жеткізілді. Белгілі болғандай, ол жұмыссыз жас жігіт болып шықты.

 

 

Сондай-ақ жүргізушінің жөнсіз әрекеті ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) және 378-бабы 1-бөлігімен (Билік өкілін қорлау) тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Іс бойынша жәбірленуші полицейге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Ақпарат көзі Polisia.kz

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам