jasqazaq.kz

Полициядан қашқан пәтер тонаушы бес көлікті соғып кетті

14 қараша 2017, 12:40

Алматыда пәтер тонаған күдікті полициядан қашамын деп, бес көлікті қағып кетті, деп хабарлайды sputniknews.kz қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Екі күдікті Түрксіб ауданы «Жас Қанат» шағын ауданында орналасқан үйлердің бірінен шыға бергенде, жедел қызметкерлер тобы алдарынан шыққан. Тонаушылар біреудің үйіне басып кіріп, ноутбук, ұялы телефон, алтын бұйымдар мен ақшалай қаражат ұрлапты.

Пәтер тонаушылар полицияға кезігіп қаламыз деп күтпеген көрінеді: біреуі бірден қолға түсіп қалса, екіншісі қаша жөнелген. Күдікті Lexus көлігіне мініп, ауладан қашып шықпақ болғанда, тұрақта тұрған бес көлікті қағып кетіпті.

«Қызметкерлеріміз соңынан қуған. Жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзған қашқын Жангелдин көшесінде шағын жүк көлігіне соғылып, апатқа ұшырады. Осылайша, тонаушы полициядан қашып құтыла алмады», — деп мәлімет берді Алматы қаласы қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиядин.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы