jasqazaq.kz

Полиция Zeekr-ді апатқа дейін тоқтатқан, бірақ таныстары арқылы құтылып кеткен көрінеді: жол апатына қатысты тың ақпарат айтылды

27 наурыз, 9:14

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына тәртіп сақшылары да себепкер болуы мүмкін. Полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Марқұмдардың туыстары да оқиғаға полицияны да кінәлайды, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Күдікті деп танылған «Зикр» автокөлігінің жүргізушісін тәртіп сақшылары апатқа дейін бірнеше минут бұрын тоқтатқан екен. Егер қызметкерлер сол уақытта жүгенсіз жүргізушіні босатпағанда, «қайғылы оқиға болмайтын ба  еді» депғ ата-аналар мұңын шақты.

Апатқа себеп болған жүргізушінің өзі жараланыпты. Қазір күзетпен ауруханада жатыр. Енді 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Марқұмдардың жақындары бұны да «тым аз» деп отыр. Күдіктіден бөлек, полиция қызметкерлерін де жауапқа тартсын дейді. Себебі, апатқа дейін жол ережесін өрескел бұзып келе жатқан «Зикр» автокөлігін тәртіп сақшылары байқап қалып, тоқтатқан көрінеді. Алайда 32 жастағы жүргізуші шені жоғары таныстарына хабарласып, жазадан құтылып кеткен көрінеді. «Мұны қазір тексеріп жатырмыз» дейді полиция департаментінің бастығы. Апатқа қандай да бір қатысы бар қызметкердің ешқайсысы жазасыз қалмайтынын айтты.

Айдын Қабдулдин, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы: — Күдікті адам «Зикр» автокөлінің жүргізушісі қазір ауруханада жатыр. Сол жүргізушіге арналған барлық тергеу өткізіліп, жүргізуші қамауға алынады. Сіз айтқандай, полиция департаментінің орынбасарының жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойындағы жол-көлік оқиғасына қатысы бар-жоқ екенін полиция департаменті тексеріп жатыр. Қызметтік тексерістің қортындысы бойынша кінәлі полиция қызметкерлеріне шара қолданамыз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

Сурет:  kris_p_almata
27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету