jasqazaq.kz

Полицейлердің төбелесі «інішек» деген сөзден басталған

24 қараша 2017, 23:25

Таразда екі бірдей лауазымды қызметкерді пышақтаған бұрынғы полицей Мұрат Үмбетәлиевтің атышулы ісіне қатысты қызық деректер мәлім болып жатыр.Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

Айыпталушы мен Марсел Жетпісбаев арасындағы түсініспеушілікке алты ай бұрын айтылған бір ауыз сөз себеп болған көрінеді. Яғни, бір тойда аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы «Бамбук» лақап атымен белгілі білдей подполковникке «інішек» деп, оны ренжітіп алған.

Ерлан Бектұрғанов, жәбірленуші:

-В ходе разговора Жетпісбаев Үмбеталиева назвал братишкой. И на этой почве чуть-чуть пошел словесный конфликт. И я там Мурату объяснил, и они друг друга поняли, и разошлись.

Марсел Жетпісбаев артынша бірден кешірім де сұраған екен. Бірақ оның бір ауыз сөзі «Бамбуктың» көкейінде көпке дейін сақталып қалса керек. Себебі кезекті думанды кеште ол тілек айтып тұрған Ерлан Бектұрғановтың сөзін бөліп жіберіп, Жетпісбаевты көрген бойда оған «қуғынбай» деп тиіскен. Сол сәтте Марсел үндемегенімен, оны қорғап Бектұрғанов Үмбетәлиевке қарсы шығады. Бірақ, жігіттер сол жерде дауды ушықтармай тарап кетіп, кейін екеуі «бамбукты» үй жағына іздеп барып төбелескен. Еске салсақ, тамыз айында облыстық экстремизге қарсы күрес басқармасының бастығы өзінің әріптесі криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Бектұрғанов пен аудандық қалыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевты «Арай-Плаза» бизнес орталығы маңында пышақтаған болатын. Мұрат Үмбетәлиев сол жерде екеуін бірдей жарақаттап, өзі із суытқан. Бірақ, бір аптадан соң әріптестеріне өзі берілген. Енді ол «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша жауапқа тартылуда.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті