jasqazaq.kz

Полицейлерді ұрып, погонын жыртқан

11 маусым 2018, 14:00

Полиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсеткен жергілікті екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралуда, — деп хабарлайды ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы. 

2018 жылғы 10 ақпанында ОҚО Ордабасы ауданында жедел профилактикалық іс-шарасы барысында кафелердің бірінің жанында тәртіп сақшылары Өзбекстан Республикасының азаматтары тұрғанын байқап, өздерін таныстырып, заңға сәйкес, құжаттарын көрсетуді талап еткен. Алайда, олардың құжаттары жоқ екені белгілі болған.

Сол кезде кафеден белгісіз екі азамат шығып, бірі полиция қызметкерін ұрып, соққыға жыққан. Ал екінші полиция қызметкері оларды ажыратпақ болған кезде, оны да ұрып-соғып, халықтың алдында погонын жыртып, билік өкілдерін қорлаған. Осы сәтті пайдаланған құжаты жоқ өзбекстандық азаматтар сол жерден бой тасалап, қашып кетеді. Ал, полиция қызметкерлерін соққыға жыққан жергілікті екі тұрғын ұсталып, қамауға алынған.

Оларға қатысты «билік өкілін қорлау» және «билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Олар сол күні соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынады. Қазіргі таңда іс сотта қаралып жатыр.

Күдіктінің туғандары өз тарапынан сол екі полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне наразылық білдіріп, «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды» деп, 10.04.2018 жылы ОҚО ІІД ӨҚБ-на арызданды. Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Арызда полиция қызметкерлеріне қатысты көрсетілген жайттар өз дәлелін таппады. Құрамында қылмыстық құқықбұзушылық болмауына байланысты полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтамға алынды.

Дереккөз: otyrar.kz

Бүгін, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
Бүгін, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
Бүгін, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
Бүгін, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
Бүгін, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
Бүгін, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
Бүгін, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Бүгін, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар