jasqazaq.kz

Полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады (Видео)

27 қазан 2022, 10:55

Кешкі уақытта Range Rover автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, елорданың жолдарында апаттық жағдайлар туғызған.

Желікпе жүргізуші жоғары жылдамдықпен бағдаршамның тыйым салынған сигналына екі рет өтіп, автобус жолағына шығып кетіп, полицейлердің тоқтау туралы талаптарын елемеген, деп жазады Polisia.kz.

Тәртіп бұзушы Республика даңғылындағы көліктердің тығыз ағынында ұсталды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші көлікті “жеңіл дәрежедегі” мас күйінде басқарған.

Сонымен қатар мультитесттен өту кезінде марихуана қолданғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 33 жастағы жүргізуші 2020 жылы көлік құралын жеті жылға басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, ПД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті