jasqazaq.kz

Полицейлер асылып өлмек болған жігітті құтқарып қалды

27 қыркүйек 2019, 15:11

Түркістан облысында полицейлер өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды. Келеңсіз жағдай Қазығұрт ауданында орын алған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазығұрт аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторлары Ерғали Тұрлыбеков пен Ержан Құраловтар өздеріне берілген аймақты күнделікті қарап, тексеріп жүрген. Кенет ауылдағы иесіз мал қораның біріне көздері түсіп, ішін тексеруге кіреді. Қораға кірген сәтте жіпке асылып тұрған ер адамды көріп қалған. Олар тез арада уақыт өткізбестен жігітті жіптен босатып алады. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өлім аузында жатқан жанның бетін бері қаратады. Нәтижесінде өмірмен қоштаспақ болған азамат тірі қалған. Дәрігерлер қазіргі таңда жігіттің жағдайын жақсы деп бағалауда. Кейіннен белгілі болғандай, өзін өлімге қимақ болған жас жігіт анасымен бірге тұрады. Үйленбеген, жоғары білімді, жұмыссыз. Анасының айтуынша, ұлы біраздан бері өмірден өткен әкесі өзіне шақырғанын айтып жүрген.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды