jasqazaq.kz

Полицейлер әйелді ұрып-соғып, тонап кеткен Кентау тұрғынын ұстады

18 қазан 2017, 9:16

Полицейлер әйелді ұрып-соғып, тонап кеткен Кентау тұрғынын ұстады.

Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Кентау ҚІІБ-ның кезекші бөліміне арызданған 32 жастағы әйел шілде айында қаладағы көшелердің бірінде 25-30 шамасындағы белгісіз азамат тап беріп, оны ұрып, бағалы заттары бар сөмкесін тартып алып кеткенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 191-ші «Тонау» бабы бойынша Кентау ҚІІБ СДТБТ-не тіркелді. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлады. Кентау ҚІІБ жедел-іздестіру іс-шараларының барысында бұрын сотты болған, 1987 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты заттар ретінде сөмке және ұялы телефон тәркіленіп алынды. Тергеу барысы анықтағандай, 30 жастағы ұсталған азамат қарсылық көрсете алмайтын әлсіз әйелді тонауды мақсат еткен. Құрбанына бас салып, күш қолданып, бағалы заттары мен сөмкесін алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде. Кентау қаласының полицейлері қала тұрғындарына көшелер мен қоғамдық орындарда бейтаныс азаматтармен тілдескенде ерекше сақ болуын ескертеді.

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті