jasqazaq.kz

Полицейдің киімін жыртты (видео)

15 сәуiр 2020, 19:59

#үйдеотыр

Алматыда полиция қызметкері мен бала серуендетіп жүрген ер адам жаға жыртысты.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Оқиға Медеу ауданындағы Қайырбеков пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Алматық Полиция департаментінің хабарлауынша, қаланың ішін жаяу аралап жүрген патруль қызметкерлері аулада жүрген екі адамды көрген. Олар полиция қызметкерінің ескертуіне құлақ аспай керісінше дөрекілік танытқан.

«Олардың бірі учаскелдік инспекторға қарсылық көрсетіп әскери киімін жыртқан. Оның іс әрекетіне байланысты ҚР ҚК 379-бабымен сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді. Бұл адамдардың бірі бұрын ҚР ҚК 189-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Екіншісі ҚР ӘқбК 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған», — деді полиция департаментінен. Кейін екі адамның бірі кешірім сұрады.

«12 сәуірде Медеу ауданында карантин режимін бұзып, ашуға бой алдырып, полиция қызметкерімен жанжалдасып қалдым. Мен қоғамнан және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Үйде отырғаннан жүйке жұқарып кетті», — деді ол.

https://youtu.be/tz9NZ5ZZTPw

ҚазАқпарат

11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар