jasqazaq.kz

Полицейдің киімімен қыздың көңілін тапқысы келді

05 желтоқсан 2016, 16:55

snimok

Шымкент тұрғыны қызға ұнау үшін полицейдің киімін киген, — деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

2 желтоқсанда Шымкент қалалық ІІБ Абай полиция бөлімінің кезекті бөліміне Гагарин көшесіндегі кафелердің бірінде полицейдің формасын киіп алған күмәнді ер адамның отырғаны туралы хабар келіп түскен.

Tengrinews.kz хабарлағандай, жедел-тергеу тобының оқиға орнына келген қызметкерлері Шымкент қаласының 1975 жылғы жұмыссыз азаматын ұстаған. Ол полиция майорының формасын киіп алған екен.

«Тәртіп сақшылары 41 жастағы ер адамның осылайша сүйіктісіне ұнағысы келгенін анықтаған. Ер адам құқық қорғау органдарында қызмет ететінін айтқан. Күмәнді ер адам туралы хабарды полицияға күзетші берген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ер адам Шымкенттің ІІБ Абай полиция бөліміне жеткізілді», — деп хабарлады ОҚО ІІД өкілдері.

Бұл дерек ІІБ Абай аудандық полиция бөлімінің соталды тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 390-бабы («Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу») бойынша тіркелген. Е адам жүз айлық есептік көрсеткіш сомасында айыппұл арқалауы немесе бес тәулікке қамалуы немесе қоғамдық жұмыстарна тартылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Соталды тергеу жүріп жатыр.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету