jasqazaq.kz

Полицей қызметкері дәмханаға келушілерді ұрғаны үшін сотталды

14 қараша 2017, 23:03

Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған 25 жастағы сержант 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды, деп хабарлады ktk.kz.

Тамыз айында болған төбелес дәмхана аумағындағы бақылау камерасына түсіп қалған. Онда полицейлер араққа сылқия тойып алған төрт жігітті патруль көлігіне күшпен отырғызуға тырысып жатыр. Ақыры шыдамы тауысылған тәртіп сақшыларының бірі ұсталғандарды ұрып, басынан тепкілеген. Сөйтсе, дәмханада отырған бұл жігіттер басқа клиенттердің мазасын алған екен. Ал полицияны даяшылар шақырыпты. Қияңқы жігіттер келген тәртіп сақшыларына да бой бермей, соңы төбелеске ұласқан. Бірақ ақыры таяқ жеп тынған олар кейін өздерін аяусыз сабаған полицейге қатысты арыздарының жоғын айтқан. Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған сержанттың өзі 1 миллион теңге кепілақы беріп, бостандыққа жіберілген еді. Заңбұзушылықты көре тұра шара қолданбаған өзге төрт тәртіп сақшысының жұмыстан қуылғанын айта кетейік. Ал Темірхан Шарапиденовтің кәмелетке толмаған балаларының барын есепке алған сот оны шартты түрде ғана бостандығын шектеп, мемлекеттік қызметтен аластату туралы үкім шығарды.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы