ОҚО ІІД Шымкент қалалық полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан досына қоңырау соғып, келісуге тырысатын жүргізушілерге кеңес берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы шымкенттік полицей өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына мәлімдеген.
«Полицейлердің бейнежетондары енді үздіксіз түсіретін болады. Қызметкерлеріміз бұрын қуаттағышты үнемдеп, оны өшіріп қоятын. Қазір қосымша қуаттау құралдарының сатып алынғанына қуанып отырмын, енді ЖПП қызметкерлері барлық ауысымда бақылауда болады. Айтпақшы, сіздерге кеңесім: егер сізді ЖҚЕ бұзғаныңыз үшін тоқтатқан болса, «досыңызға қоңырау» соғып, келісуге тырыспаңыз. Жаңа құрылғылар дауысты өте сапалы жазып алады», — деп жазады ол.