jasqazaq.kz

Петропавлға қардың 10 күндік мөлшері түсті

13 сәуiр 2018, 14:05

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандары мен Петропавл қаласында бір түннің ішінде қардың 10 күндік мөлшері түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті «Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сүйенсек, облыс орталығына 9 миллиметр, кейбір аудандарға 10 миллиметр көлемінде қар жауған. «Облыстың барлық аудандарына қар түсті. Бүгін өңірдің шығыс бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Ертең антициклонның әсерінен ауа температурасы сәл төмендейді»,-дейді филиал директоры Қымбат Мерғалымова. Қар тазалау техникалары қала көшелеріне түнгі сағат екіде шыққаны айтылады. Қарды сыртқа шығару жұмыстарына таңертеңгі сағат 10-нан бастап кіріскен. Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тазалау жұмыстарына иеліктерінде 30 шақты қар тазалау техникасы бар 7 мердігерлік ұйым тартылған. Бұған дейін Қостанайға да айтарлықтай мөлшерде қар түскені туралы айтылған болатын.

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы