jasqazaq.kz

Петропавлда рингте қатты соққы тиген спортшы комаға түсті

11 желтоқсан 2017, 21:13

Петропавлда кикбоскингтен өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде жарақат алған Азамат Досымбай облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде комада жатыр. 21 жастағы астаналық спортшының миына екі рет ота жасаған дәрігерлер оның жағдайын тым мүшкіл деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Екі күнге созылған жарыста Азамат Досымбай ақтық сайысқа дейін жетіп, 54 келіге дейінгі салмақта кикбоксингтен Қазақстанның күміс жүлдегері деген атақ алды. Ақтық шайқаста қарсыласынан жеңіліп қалған ол рингте 15 рет соққы алғанын кейін бапкерлері камерадан көріп, санаған. Алайда жігіттің өміріне қауіп төндіретіндей қатты тиген жоқ дейді олар. Марапаттау салтанатында да оның ауырып тұрғаны білінбепті. Араға бір жарым сағат өткен соң есінен танып қалған жігітті жедел жәрдем облыстық ауруханаға алып кеткен.

Руслан Есенәлин, СҚО Туризмді дамыту және спорт басқармасының басшысы:

-Ол бір айдың ішінде екі үлкен сайысқа қатысқан. Осыдан біраз бұрын Венгрияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Онда да соққылар алды, әрине. Оның денсаулығына кеше алған соққылар әсер етті ме әлде бұрынғысы ма, ол арасын дөп басып айта алмаймын. Бірақ қазылар алқасы мен супервайзерлерге қоятын еш кінәміз жоқ. Олар дұрыс төрелік жасаған.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң