jasqazaq.kz

Петропавлда мектептердің біріне оқушы тапанша алып келген

Бүгін, 14:07

Петропавлда жоғары сынып оқушысы мектепке тапанша ұстап келген.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 5 ақпан күні Петропавлдағы мектептердің бірінде болған.

inform.kz хабарлағандай, мектептің әкімшілігіне ата-аналардан жоғары сынып оқушыларының бірінде сыртқы пішіні тапаншаға ұқсас зат болуы мүмкін деген ақпарат түседі. Білім беру ұйымының басшылығы жедел әрекет етіп, оқушы арнайы күзет қызметінің қатысуымен мектеп әкімшілігіне шақырылды. Сонымен қатар, баланың заңды өкілдері мен ювеналдық полиция инспекторы дереу хабардар етілді.

— Тексеру барысында құқық қорғау органдары қаруға ұқсас затты тәркіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген басқарма жауабында.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәркіленген зат пневматикалық тапанша болып шыққан және ол атыс қаруы санатына жатпайды. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

— Тексеру нәтижесі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оның заңды өкілі бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауап берді. Сонымен қатар, білім беру органдарының атына осы жағдайға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізілді. Тексеру аяқталғаннан кейін білім беру ұйымының лауазымды тұлғалары мен оқу орнының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне де құқықтық баға берілетін болады, — дейді полиция өкілдері.

 Фото: Kazinform

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?