jasqazaq.kz

Петропавлда көкөніс бағасы шарықтап тұр

07 қараша 2017, 18:16

Петропавл қаласында азық-түлік бағасы тұрақталмай тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Әсіресе картоп, сәбиз, пияз, қызылша мен қырыққабаттың бағасы шарықтап кеткен. Бір ғана картоптың құны күзде 2 есеге көтеріліп, 120 теңгеден сатылып жатыр. Ал тұрақтандыру қоры бағаны реттеу үшін резервтен мың тоннадай өнім алып, саудаға шығарды.

Алмагүл Манапқызы картопты қашанғыдай қап-қабымен емес, келілеп қана сатып алады.«Екінші нанның» бағасы қол ұстатпайды. Келісі – 120 теңге.

Алмагүл Манапқызы, тұтынушы:

– Есіме түсіріп көрсем, өткен жылғы баға 70-80 теңге болды-ау деймін шамасы. Қазір енді ең арзан жері, іздеп жүріп тауып алғаным – 120 теңгеден. Ең арзан картоп. Кейбір жерлерде картоптың бағасы – 140 теңге.

Сауда сөресі самсап, ал бағасы самғап тұр. Мәселен, пияздың келісі – 90, сәбіз – 120, қияр – 350, қызанақ — 400 теңге. Картоптың өзі күзде 2 есеге қымбаттаған. Саудагерлер де сан соғып отыр.

Балжан Назарова, саудагер:

– Бізге ауылдан картопты әкеледі. Әкелгенмен бәрі қымбат әкеледі. Оларға да енді өмір сүру керек қой. Жалпы картоп биыл аз өскен. Көбінде болған картоп. Бәрі жертөлелеріне тығып қойған, шығарғылары келмейді. Сауда жоқ қазір. Аренда қымбат болған соң, қазір мынаның ішіндегі кісілер кетіп қалды.

Күзде жұмыртқаның бағасы да қымбаттап шыға келді. Қазір тұқымның ондығы 180-220 теңге аралығында сатылып жатыр.

Бағаны реттеу үшін тұрақтандыру қорына 500 тонна картоп, 100 тоннадан сәбіз, қырыққабат пен пияз сатып алынды. Олар қаланың 4 сауда нүктесінде сатылады. Бағасы қолжетімді.

Мұрат Нұрқанов, облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы:

– Картоптың бағасы, 1 келісі үшін бөлшек бағасы – 75 теңге. Сәбіздің бағасы – 88 теңге, қырыққабаттың бағасы – 55 теңге, пияздың бағасы – 90 теңге.

Сонымен қатар қалалық әкімдік пен сауда үйлері арасында 19 әлеуметтік тауар түріне 10 пайыздан артық үстемақы қоспау жөнінде келісім жасалды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы